«Каспийдің» турнир кестесінде көш бастауға мүкіндігі. «Тараз» - «Каспий» матчын қайдан көруге болады?

2 мамыр Таразда футболдан Қазақстан Бірінші Лигасының 4-тур аясында «Тараз» бен «Каспий» арасындағы матч өтеді, деп хабарлайды Sport+.
Алаң иелері маусымды жақсы бастады, қатарынан екі жеңіске жетті, тек алғашқы турда «Жетісайға» жол берген еді.
Қонақтар болса осы уақытқа дейін тек жеңіс тіркеп келген және Бірінші Лиганың көшбасшысы атануға толық мүмкіндігі бар. Оның ішінде «Шахтер» мен «Ертіс» ойынындағы тең есепті пайдалануға да болады. Алайда тараздықтар да қарап қалмайды, сондықтан «Каспийдің» бұл сапары оңай болмайтыны анық.
«Тараз» - «Каспий» матчының тікелей көрсетілімі Sport+ Qazaqstan телеарнасы мен sportplustv.kz сайтында жоспарланып отыр.