«Каспий» Қазақстан жастар құрамасының қорғаушысымен келісімшартқа қол қойды
Ақтаудың «Каспий» клубы 20 жастағы қазақстандық қорғаушы Тимур Құрбановпен келісімшартқа отырғанын жариялады, деп хабарлайды Sport+ клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Құрбанов сол жақ қаптал қорғаушысы позициясында өнер көрсетеді. Биылғы маусымның алғашқы бөлігінде футболшы петропавлдық «Қызылжар» клубының жүйесінде болды. Кейін еркін агент мәртебесінде «Каспий» сапына қосылды.
Бұған дейін жас қорғаушы «Жас Қыран», «Хан-Тәңірі» және «Каспий» клубтарының намысын қорғаған. Сонымен қатар, ол Қазақстан жастар құрамасына (U-21) шақырылып жүр.