«Астана» Загребтің «Динамо» академиясының түлегімен келісімшартқа қол қойды
Елордалық «Астана» клубы 29 жастағы хорватиялық шабуылшы Никола Буричпен келісімшартқа отырғанын жариялады, деп хабарлайды Sport+ клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бурич — Загребтің «Динамо» клубының түлегі. Кәсіби мансабында Хорватияның «Рудеш», Словенияның «Домжале» мен «Копер», сондай-ақ Италияның «Новара» және «Леньяго Салус» клубтарында өнер көрсетті.
Шабуылшының соңғы клубы Албанияның «Эгнатия» командасы болды. Өткен маусымда Албания чемпионатында Никола Бурич 33 матчқа қатысып, 6 гол соқты.