«Тобыл» «Партизанмен» кездесуі мүмкін

«Тобыл» «Партизанмен» кездесуі мүмкін

УЕФА Конференциялар лигасының үшінші іріктеу кезеңіне жеребе тартылып, Қостанайдың «Тобыл» клубының ықтимал қарсыласы анықталды, деп хабарлайды Sport+.

Қазақстан Кубогының иегері екінші іріктеу кезеңінде Литваның «Паневежис» клубымен кездеседі. Ал осы жұптың жеңімпазы үшінші кезеңде Сербияның «Партизан» және Люксембургтің «Уна Штрассен» командалары арасындағы жеңімпазбен ойнайды.

«Тобыл» алғашқы ойынын 23 шілде күні Литвада өткізсе, қарымта кездесу 30 шілдеде Қостанайда өтеді.



Күн шежіресі