logo

Каратэден әлем чемпионатында ел намысын кімдер қорғайды?

Каратэден әлем чемпионатында ел намысын кімдер қорғайды?

Каратэден (WKF) Қазақстан құрамасы Мысыр астанасы Каирде өтетін әлем чемпионатына қатысады. Әлем біріншілігі 27-30 қараша күндері «Indoor Hall № 1» халықаралық стадиаонында өтеді деп жоспарланған, деп хабарлайды Sport+ Спортты дамыту дирекциясы сілтеме жасап. 

Ел құрамасының спортшылар тізімі келесідей:

Ерлер:

Қайсар Алпысбай (60 кг)
Дидар Әмірәлі (67 кг)
Нұрқанат Әжіқанов (75 кг)
Диас Ұлбек (+84 кг)

Әйелдер:

Гүлмира Үсенова (55 кг)
Әсел Қанай (61 кг)
Дайяна Даренская (68 кг)
Софья Берульцева (+68 кг)

Бас бапкер — Дархан Асаділов.

Айта кетейік, бұдан алдын каратэшілеріміз 2023 жылғы Будапештте (Мажарстан) өткен әлем чемпионатында кумитэ бағдарламасында үш жүлде, яғни Мөлдір Жаңбырбай (50 кг) алтын, Дидар Әмірәлі (67 кг) күміс, Қайсар Алпысбай (60 кг) қола медаль жеңіп алған болатын.