Жағажай Азиадасы-2026: қазақстандық волейболшылар кезекті жеңісіне қол жеткізді
Қытайдың Санья қаласында өтіп жатқан 2026 жылғы жағажайдағы Азия ойындарында жағажай волейболынан топтық кезең ойындары жалғасуда, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
Кезекті матчтарда Қазақстанның ерлер құрамалары сәтті өнер көрсетті.
Дмитрий Яковлев пен Абдулмажид Мохаммад Малайзия өкілдері — Мухаммад Исма Хазик Бин Исмаил мен Ен Джен Тан жұбынан басым түсті. Кездесу 2:0 есебімен аяқталды (21:12, 21:13).
Ал Сергей Богату мен Кирилл Гурин Бангладеш спортшылары Хоросита Бисвас пен Шихаб Ахмедті жеңді. Ойын екі партияға созылып, 2:0 есебімен (21:15, 21:14) аяқталды.
Айта кетейік, қазақстандық жағажай волейболшылары әзірге бірде-бір рет жеңілген жоқ. Богату мен Гурин үш ойынның үшеуінде де жеңіске жетсе, Яковлев пен Мохаммад екі матчта да қарсыластарынан басым түсті.