Каратэші Никита Тарнакин 2025 жылғы Ислам ойындарының чемпионы атанды
Каратэден Қазақстан құрамасының өкілі Никита Тарнакин Эр-Риядтағы (Сауд Арабиясы) Ислам ынтымақтастығы ойындарының жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
Қазақстандық каратэші 84 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғады.
Отандасымыз ақтық сында Иордания спортшысы Мухаммед Аджафаримен кездесті. Нәтижесінде Тарнакин шешуші жекпе-жекте 8:3 есебімен жеңіске жетті.