Кудрәт Шамиев Азия Олимпиадалық кеңесінің вице-президенті атанды
Қазақстандық таеквондо (WT) федерациясының президенті Кудрәт Шамиев Азия Олимпиадалық кеңесінің (АОК) Атқарушы комитетінің құрамына 2029 жылы Алматыда өтетін қысқы Азия ойындарын ұйымдастыруға жауапты вице-президент ретінде енді, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
Бұл шешім Қытайдың Санья қаласында өтіп жатқан 2026 жылғы VI жағажайдағы Азия ойындары аясында өткен АОК Атқарушы комитетінің отырысында қабылданды.
Кудрәт Шамиев 2029 жылғы қысқы Азия ойындарына дайындық пен оны өткізу жұмыстарын үйлестіреді. Сондай-ақ Алматыдағы жарысты ұйымдастыруға қатысты АОК құрылымдарымен өзара байланыс орнатуды қамтамасыз етеді.
Айта кетейік, ол Қазақстандық таеквондо (WT) федерациясының президенті, Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитеті Атқарушы комитетінің мүшесі әрі Altaic Taekwondo Union ұйымының жетекшісі.