Камила Аймұқашева Ислам ынтымақтастығы ойындарының қола жүлдегері атанды
Қазақстандық таеквондошы Камила Аймұқашева Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) өтіп жатқан Ислам ынтымақтастығы ойындарында қола медальға ие болды, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
Отандасымыз 57 келіге дейінгі салмақта жеңіс тұғырының үшінші сатысына көтерілді.
Қола жүлде үшін өткен кездесуде Аймұқашева Гамбия спортшысы Мария Марчлинскиді 2:1 есебімен жеңді.