logo

Софья Сподаренко Ислам ойындарында алтын медаль жеңіп алды

Софья Сподаренко Ислам ойындарында алтын медаль жеңіп алды

Жүзуден Қазақстан әйелдер құрамасының өкілі Софья Сподаренко Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) өтіп жатқан Ислам ынтымақтастығы ойындарында топ жарды, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстандық суда жүзуші 100 метрге баттерфляй әдісімен жүзуде үздік шықты.

Ол қашықтықты 1:01.66 уақытта жүзіп өтті.

Түркия өкілі Дефне Таниг екінші орынға ие болды — 1:02.05. Ал оның отандасы Сехер Кая үздік үштікті түйіндеді — 1:02.42.



Күн шежіресі