Қазақстан құрамасы суда жүзуден Ислам ынтымақтастығы ойындарында күміс жүлдегер атанды
Қазақстан ерлер құрамасы жүзуден Эр-Риядтағы (Сауд Арабиясы) Ислам ынтымақтастығы ойындарында күміс медальға ие болды, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
Жерлестеріміз 4×100 метрлік эстафетада (кешенді жүзу) екінші нәтиже көрсетті.
Әділбек Мусин, Максим Сказобцов, Айбат Мырзамұратов және Глеб Коваленя қашықтықты 03:43.14 уақытта жүзіп өтті.
Түркия алтын медаль жеңіп алды — 03:40.56, ал Индонезия үздік үштікті түйіндеді — 03:44.07.