logo

Бұл жеңіс – Қазақ еліне: Нұрғиса Әділетұлы Ислам ынтымақтастығы ойындарында жарқырады

Бұл жеңіс – Қазақ еліне: Нұрғиса Әділетұлы Ислам ынтымақтастығы ойындарында жарқырады

Ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасының мүшесі Нұрғиса Әділетұлы Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында өтіп жатқан Ислам ынтымақтастығы ойындарында үш алтын медаль жеңіп алғаннан кейін өз әсерімен бөлісті.

«Үш алтын медальмен баршаңызды құттықтаймын! Мен үшін дұға етіп, қолдау көрсеткен жандардың бәріне шексіз алғыс айтамын. Екінші жаттығуда аздап кідіріп, бар мүмкіндігімді толық көрсете алмадым. Дегенмен осы үш алтын медальды Қазақ еліне арнаймын. Әлем рекордын жаңартуға болатын еді, бірақ сәттің жауапкершілігі мен толқу әсер етті. Алда әлі талай жарыс бар, Құдай қаласа, жаңа рекордтарды да бағындырамыз», — деді Нұрғиса Әділетұлы.



Күн шежіресі