logo

Нұрғиса Әділетұлы 2025 жылғы Ислам ынтымақтастығы ойындарының үш дүркін жеңімпазы атанды

Нұрғиса Әділетұлы 2025 жылғы Ислам ынтымақтастығы ойындарының үш дүркін жеңімпазы атанды

Ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасының өкілі Нұрғиса Әділетұлы Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) өтіп жатқан Ислам ынтымақтастығы ойындарында тағы екі алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстандық зілтемірші 94 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде тамаша нәтиже көрсетті.

Серпе көтеруде ол 210 келіні бағындырып, үздік шықты.

Сондай-ақ ол қоссайыс қорытындысы бойынша да топ жарып, 385 келіні еңсерді.

Айта кетейік, бұған дейін Нұрғиса Әділетұлы жұлқа көтеруде 175 келіні бағындырып, алтын медаль жеңіп алған еді.



Күн шежіресі