Софья Сподаренко Исламиададағы алтын медалі жайлы: Жарысты тамаша нәтижемен аяқтадық
Жүзуден Қазақстан құрамасының өкілі Софья Сподаренко Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) өтіп жатқан Ислам ынтымақтастығы ойындарының екі дүркін жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
100 метрге баттерфляй әдісімен жүзуде топ жарған спортшы жарыстың сәтті аяқталғанын айтты.
«Екінші алтын медаль алғаныма өте қуаныштымын. Соңғы күндері қатты шаршадық, сондықтан енді аздап демалатынымызға да қуанып тұрмын. Жарысты тамаша нәтижемен аяқтадық.
Екі алтынның да өз ерекшелігі бар. Бірақ, бір қызығы 100 метрлік қашықтықта өзімді жақсырақ сезіндім.
Бізбен бірге бапкерлер мен түрлі сала мамандары жұмыс істейді. Барлығына алғыс білдіремін. Сондай-ақ қолдау көрсеткен барша жанкүйерге көп рақмет. Алда әлі қысқа қашықтықта өтетін сайыстар бар. Сондықтан соған дайындаламыз. Әзірге нақты жоспар жоқ, бәрін ойластырамыз, » — деді Сподаренко.