Гандболдан Қазақстан құрамасы әлем чемпионатының төртінші ойынында есе жіберді
Гандболдан Қазақстанның әйелдер құрамасы әлем чемпионатында кезекті матчын өткізді.
Еске салайық, алдын ала кезеңде отандастарымыз H тобында соңғы орынға ие болып, үш ойында қарсыластарына жол берген еді.
Қазір қазақстандық спортшылар жұбаныш кезеңінде өнер көрсетіп, 25-тен 32-орынға дейінгі орындар үшін таласуда.
Қазақстандық гандболшылар Куба құрамасына есе жіберді. Кездесу 28:29 есебімен аяқталды.
6 желтоқсанда өтетін ойында Қазақстан Қытай құрамасымен кездеседі.