Қуат Хамитов UFC-дің бұрынғы жауынгері Магомедовпен кездеседі
Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Қуат Хамитов ACBJJ20 турнирінде файтерлік джиу-джитсу ережесі бойынша Рашид Магомедовпен кездесетін болды, деп хабарлайды Sport+.
Жекпе-жек 17 желтоқсанда Мәскеуде өтеді.
Хамитовтың болашақ қарсыласы — UFC-дің бұрынғы жауынгері. Магомедов бұл промоушенде төрт кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жеткен.