NAIZA екі чемпиондық жекпе-жекті жариялады
Қазақстандық NAIZA лигасы 20 желтоқсанда Атырауда кезекті турнирін өткізеді.
Кештің басты жекпе-жегінде атыраулық спортшы Мейірбек Төлегенов (6–1) жеңіл салмақтағы чемпиондық белбеу үшін ресейлік қарсыласы Валерий Гусаровпен (7–1) кездеседі.
Турнир аясында орта салмақта тағы бір чемпиондық жекпе-жек өтеді. Онда қазақстандық Али Бадрудинов (5–0) өзбек спортшысы Нодирбек Ахатжоновпен (7–2) күш сынасады.
Көрермендер үшін қызықты жекпе-жектердің бірі — екі мықты спортшы Жансерік Жақсығулұлы (8–6) мен Елжан Хасановтың (5–2) кездесуі болмақ.