«Галатасарай» Түркияда Сане алғашқы голын соққан матчта «Кайсериспорды» ірі есеппен жеңді (видео)

Түркияның қазіргі чемпиондары «Галатасарай» Суперлиганың үшінші туры аясында «Кайсериспорды» сенімді түрде 4:0 есебімен жеңді, деп хабарлайды Sport+.
Дубльдің авторы — Эрен Елмалы, сондай-ақ Виктор Осимхен мен Лерой Сане бір-бір голдан соқты. Бұл Сане үшін ыстамбұлдық клуб сапындағы алғашқы гол болды.