logo

Көшбасшылар шайқасы: «Трабзонспор» - «Антальяспор» текетіресінің тікелей эфирі

Көшбасшылар шайқасы: «Трабзонспор» - «Антальяспор» текетіресінің тікелей эфирі

«Фенербахче» мен «Бешікташ» еурокубоктарда өз мәселелерін шешіп жатқанда, «Трабзонспор» мен «Антальяспор» Түркия Суперлигасында 100% нәтиже көрсетіп келеді — екі турдан кейін олар 6 ұпайдан жинады.

Енді бұл екі команда арасындағы тікелей кездесуде турнир кестесінің жаңа көшбасшысы анықталуы мүмкін. Қазіргі таңда көш басында — 7 ұпаймен «Гезтепе».

«Трабзонспор» алғашқы екі турда «Коджаелиспор» мен «Касымпашаны» бірдей 1:0 есебімен жеңді. Ал «Антальяспор» «Касымпашаны» 2:1, «Генчлербирлигіні» 1:0 есебімен ұтты.

Олардың өзара кездесуі енді Трабзон қаласында өтеді. Матчтың басталуы — сағат 21:00–де.

Тікелей трансляция sportplustv.kz сайтында жоспарланған.



Күн шежіресі