logo

«Галатасарай» 25-ші рет Түркия чемпионы атанды (видео)

«Галатасарай» 25-ші рет Түркия чемпионы атанды (видео)

«Галатасарай» Түркия Суперлигасының 36-туры аясында «Кайсериспорды» 3:0 есебімен жеңіп, чемпиондық атақты мерзімінен бұрын жеңіп алды, деп хабарлайды Sport+.

Стамбұл клубы ұпай санын 89-ға жеткізіп, мәңгілік қарсыласы «Фенербахчеден» озып кетті. Стамбұлдықтар сапынан гол авторлары — Виктор Осимхен, Барыш Йылмаз және Фернандо Муслера.

«Фенербахче» де өз матчында жеңіске жетті, алайда бұл Стамбұлдағы көршілерінің Суперлигада жеңісін атап өтуіне кедергі бола алмады. Моуриньоның шәкірттері «Эюпспорға» қарсы ойында 2:1 есебімен жеңіске жетті. Гол авторлары — Эн-Несири мен Джеко.



Күн шежіресі