Финал жолдамасы үшін шайқас. Астанадағы M15 турнирінің жартылай финалдық матчтарының тікелей эфирі
1 тамыз күні Астана қаласындағы Теннис орталығының орталық кортында World Tennis Tour M15 турнирінің жартылай финалдық кездесулері өтеді. Қазақстан атынан екі теннисші кортқа шығады.
Алғашқы болып кортқа Дамир Жалғасбай шығады. Оның қарсыласы — ресейлік Петр Бар Бирюков.
Одан кейін Заңғар Нұрланұлы ресейлік Григорий Щебекинге қарсы ойнайды.
Ойын күнін жұптық сындағы финал түйіндейді. Онда қазақстандық жұп Дамир Жалғасбай / Даниала Рахматуллаева чемпиондық атақ үшін бақ сынайды.
Матчтар кестесі:
Петр Бар Бирюков — Дамир Жалғасбай
Заңғар Нұрланұлы — Григорий Щебекин
Фукуда / Мицуи — Рахматуллаева / Жалғасбай
Үш кездесудің де тікелей трансляциясын sportplustv.kz сайтынан тамашалауға болады.