Зангар Нұрланұлы Уимблдонның үшінші айналымына шықты

Зангар Нұрланұлы Уимблдонның үшінші айналымына шықты

Қазақстандық теннисші Зангар Нұрланұлы жасөспірімдер арасындағы Уимблдон-2026 турнирінде екінші жеңісіне қол жеткізді. World Tennis жасөспірімдер рейтингінің тоғызыншы ракеткасы екінші айналымда әлемдік рейтингте 33-орында тұрған аустралиялық Даниэль Йовановскимен кездесті.

Матч екі сетке созылып, Нұрланұлының 6:1, 6:1 есебімен сенімді жеңісімен аяқталды. Теннисшілер кортта 55 минут өткізді.

Осылайша, Зангар Нұрланұлы жасөспірімдер арасындағы Уимблдон-2026 турнирінің үшінші айналымына жолдама алып, келесі кезеңде германиялық теннисші Венсан Рейсахпен кездеседі.

Ал қазақстандық тағы бір жасөспірім Дамир Жалғасбай жекелей сындағы жарысын екінші айналымда аяқтады. Дегенмен, ол Уимблдон-2026 турнирінің жұптық сынында өнер көрсетуін жалғастырады.