Шымкентте Азия және Океанияның 16 үздік құрамасы әлем чемпионатының жолдамасын сарапқа салып жатыр

Шымкентте Азия және Океанияның 16 үздік құрамасы әлем чемпионатының жолдамасын сарапқа салып жатыр

2026 жылдың 11–23 мамыр аралығында Шымкент қаласында 16 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы командалық әлем біріншілігінің іріктеу кезеңі (Азия/Океания аймағы) өтуде. Азия-Тынық мұхиты аймағының ең үздік теннисшілері әлемдік доданың финалдық кезеңіне берілетін жолдама үшін сынға түседі.

Жарыс кестесі:

11–16 мамыр: Junior Billie Jean King Cup (қыздар);
18–23 мамыр: Junior Davis Cup (ұлдар).
Алғашқы ойын аптасы қыздар арасындағы бәсекеге арналған. Junior Billie Jean King Cupаясында топтан шығу үшін 16 мемлекеттің құрамасы таласқа түсті: Аустралия, Қытай, Тайбэй, Гонконг, Үндістан, Индонезия, Жапония, Оңтүстік Корея, Малайзия, Мальдив аралдары, Филиппин, Сингапур, Шри-Ланка, Тайланд, Өзбекстан және Қазақстан.

Жедел жүргізілген жеребе нәтижесі бойынша Қазақстан қыздар құрамасы Гонконг, Жапония және Тайланд командаларымен бір топқа түсті. Өз елімізде өтіп жатқан жарыста ел намысын мына теннисшілер қорғайды:

Каролина Лигай;
Тамина Сакен;
Мариям Нұржан.
Топтық кезеңнің алғашқы матчтары бүгін басталды. Ал ұлдар арасындағы іріктеу сынының (Junior Davis Cup) топтық құрамы мен ойын кестесі кейінірек белгілі болады.

Айта кетейік, Шымкент қаласы жыл сайын жасөспірімдер арасындағы халықаралық іріктеу кезеңдерін дәстүрлі түрде өткізіп келеді. Барлық кездесулер Б. Момышұлы даңғылы, 20Д мекенжайында орналасқан «Beeline Arena» халықаралық теннис орталығының корттарында өтуде.

Барлық маңызды спорттық оқиғаларды BeeTV-ден тамашала!



Күн шежіресі