Ерулан Қабдулов Қазақстан чемпионы атанды (видео)

Қарағандыда өтіп жатқан ММА-дан Қазақстан чемпионатының финалында 52 келі салмақ дәрежесінде Атырау облысының өкілі Ерулан Қабдулов пен Ақтөбе облысының спортшысы Әбілмансұр Жексенбай кездесті, деп хабарлайды Sport+.
Ерулан бірінші раундта қарсыласынан басым болып, чемпионаттың «алтын» медалін иеленді.
Ерулан Қабдулов ұлттық құраманың мүшесі болып 2019 жылдан бері өнер көрсетіп келеді. Осы уақыт ішінде ол Қазақстан чемпионы, Азия және әлем чемпионатының жүлдегері атанып, 2024 жылы 52,2 келі салмақта әлемдегі ең үздік файтер статусын растады.