«Ертіс» беларусьтік футболшымен қоштасты

«Ертіс» беларусьтік футболшымен қоштасты

Павлодардың «Ертіс» клубы 26 жастағы беларусьтік футболшы Данила Нечаевпен қоштасқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Sport+ клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.

Данила Нечаев — Могилевтің «Днепр» футбол академиясының түлегі. Әр жылдары Беларусьтің «Днепр», «Лида», «Дняпро», «Белшина» және БАТЭ клубтарының намысын қорғаған.

Павлодарлық клуб сапында 26 жастағы футболшы 17 матч өткізіп, бір голдың авторы атанды.