Елена Рыбакина US Open турнирінің үшінші айналымына шықты
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина US Open турнирінің үшінші айналымына шықты, деп хабарлайды Sport+.
Екінші айналымда Елена испаниялық Джессика Бусас Манейроны екі сетте 6:2, 6:4 есебімен жеңді.
Рыбакинаның келесі қарсыласы — украиналық Юлия Стародубцева.