Елена Рыбакина Майамидегі WTA 1000 турнирінің төртінші айналымына шықты
Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшысы Елена Рыбакина (әлемнің 2-ракеткасы) беделді Miami Open турнирінің үшінші айналымынан сәтті өтті, деп хабарлайды Sport+.
Екі сет қорытындысы бойынша қазақстандық теннисші Украина өкілі Марта Костюкты (WTA рейтингінде 27-орын) жеңді.
Кездесу Рыбакинаның 6:3, 6:4 есебімен сенімді жеңісімен аяқталды. Елена өз доп беруінде тұрақты ойын көрсетіп, маңызды брейк-пойнттарды тиімді пайдалана білді. Соның арқасында матчты екі сетте өз пайдасына шешті.
Майамидегі турнирдің ширек финалына шығу үшін Елена Рыбакина австралиялық теннисші Талия Гибсонмен (WTA рейтингінде 68-орын) кездеседі.