logo

Елена Рыбакина Берлинде 1/8 финалға өтті

Елена Рыбакина Берлинде 1/8 финалға өтті

Теннистен Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшысы Елена Рыбакина Германияның Берлин қаласында өтіп жатқан WTA 500 санатындағы турнирдің 1/8 финалына жолдама алды, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасай отырып.

Рыбакина АҚШ өкілі Эшлин Крюгермен өткен кездесуде 6:3, 7:6 есебімен жеңіске жетті.

Теннисшілер кортта 1 сағат 37 минут өнер көрсетті.

Ширек финалға шығу үшін Рыбакина чехиялық Катерина Синяковамен өзара мықтыны анықтайды.