logo

Елена Рыбакина Australian Open турнирінің 1/4 финалында

Елена Рыбакина Australian Open турнирінің 1/4 финалында

Әлемнің бесінші ракеткасы Елена Рыбакина Australian Open — 2026 турнирінің төртінші айналымында WTA рейтингінде 21-орында тұрған Элизе Мертенсті 6:1, 6:3 есебімен сенімді түрде жеңді, деп хабарлайды Sport+. 

Бельгиялық теннисші жұптық сында «Үлкен дулыға» турнирлерінің бес дүркін жеңімпазы. Оның ішінде 2021 және 2024 жылдары Аустралия ашық чемпионатында екі рет топ жарған.

Матч барысында Рыбакина 10 эйс жасап, бір ғана қос қателікке жол берді және сегіз брейк-пойнттың үшеуін сәтті пайдаланды.

Ширек финалда Елена Рыбакина әлемнің екінші ракеткасы, польшалық Ига Швёнтек пен аустралиялық Мэддисон Инглис арасындағы матчтың жеңімпазымен кездеседі.