Эйндховендегі чемпиондық шайқас. ПСВ — «Аякс» матчының тікелей эфирі

30 наурызда Нидерланд Эредивизиясының 27-турында ПСВ өз алаңында «Аяксты» қабылдайды, деп хабарлайды Sport+.
Чемпиондыққа басты үміткерлер «Филипс» стадионында кездеседі және бұл матч титул үшін күресте шешуші рөл атқаруы мүмкін.
ПСВ маусым басында турнир кестесінде көш бастап тұрған еді, бірақ кейін амстердамдықтар алға шығып, қазіргі уақытта олардан алты ұпайға озып тұр. Егер бүгінгі ойында қонақтар жеңіске жетсе, олардың чемпиондыққа қайта оралу мүмкіндігі бірнеше есе артады. Ал ПСВ жеңетін болса, чемпиондық бәсеке одан да қызықты әрі шиеленісті болмақ.
Алдағы матчта алаң иелеріне Фоде Фофана, Рикардо Пепи және испандық ардагер Лукас Перес көмектесе алмайды. Қонақтар болса, қақпашы Ремко Пасвер, шабуылшы Ваут Вегхорст және қорғаушы Оуэн Вейндалсыз ойнайды. Сонымен қатар, Кристиан Расмуссен мен Юри Регеердің қатысуы күмән тудырады.
Бірінші айналымда «Аякс» 3:2 есебімен жеңіске жеткен, бірақ амстердамдықтар ПСВ-нің алаңында 2022 жылдан бері ұта алмай келеді.
ПСВ — «Аякс» матчының тікелей эфирі 30 наурызда 17:30–да sportplustv.kz сайтында қолжетімді болады.