«Ордабасы» Тағыбергенсіз. «Ордабасы» - «Қызылжар» матчы тікелей эфирде

«Ордабасы» да, «Қызылжар» да Қазақстан чемпионатының басталуын сәтті деп атай алмайды, екі клуб та алғашқы екі турдан кейін небәрі 1 ұпай жинады. Одан бөлек, құрамалар арасындағы үзіліске шымкенттік клуб «Қайраттан» 0:4 есебімен жеңіліп кетті.
Қос команда да қыста жаңарып, бас бапкерлерін ауыстырды. Қазір «Ордабасыны» молдовалық маман Марин, ал «Қызылжарды» беларусьтық Базаревич жаттықтырады.
Командалардың құрамдық өзгерістері маусым барысында да жалғасуда. Кеше, 29 наурызда, «Ордабасы» капитаны Асхат Тағыбергенмен қоштасқанын ресми түрде жариялады.
Осылайша, 30 наурызда «Ордабасы» соңғы үш жылда алғаш рет Қазақстан құрамасының капитанысыз алаңға шығады. Сонымен қатар, шымкенттік клуб Қажымұқан атындағы стадиондағы жөндеу жұмыстарына байланысты өз үй матчтарын Түркістанда өткізіп жатыр.
Матч 17:00–де басталады. Ойынды тікелей эфирде Sport+ телеарнасынан, sportplustv.kz сайтынан және YouTube-тегі sportplus_qaz арнасынан көруге болады.