logo

Иван Свиридов: Қостанайға тек жеңіс үшін барамыз

Иван Свиридов: Қостанайға тек жеңіс үшін барамыз

«Елимай» шабуылшысы Иван Свиридов Sport+ студиясында өткен Sport+ телеарнасыдағы «Футбол Плюс» бағдарламасында эфирінде Қазақстан чемпионатының үшінші турындағы «Тоболға» қарсы матчқа деген көзқарасымен бөлісті, деп хабарлайды Sport+.

«Елимайдың» мақсаты — тек жоғары орындар үшін күресу және әр матчта жеңіске жету, «Тобол» да бұл тізімнен тыс емес. Қостанайға тек жеңіс үшін барамыз.

Әрине, ойын оңай болмайды. Біріншіден, манеждегі жасанды төсеніш өте нашар. Екіншіден, «Тобол» құрамының жартысынан көбі сақталды, олар — үйлесімді команда. Ислам Чесноков жақсы нәтиже көрсетіп жүр. Біз Лихтенштейнмен өткен матчты Муртазаевпен бірге көрдік, әзілдеп, Ислам ойнап, шаршап қалады деп үміттендік», — деді шабуылшы. 

«Футбол Плюс» бағдарламасының толық нұсқасын төменде көре аласыз.



Күн шежіресі