Диас Еренғайыпов BRAVE ұйымының бұрынғы чемпионымен жекпе-жек өткізу мүмкіндігіне ие болды

Қазақстандық Диас Еренғайыповтың (16-3) BRAVE промоушеніндегі келесі қарсыласы белгілі болды. Ол — америкалық Хосе Торрес, деп хабарлайды Sport+.
Наилегчай салмақтағы жекпе-жек 30 мамыр күні Испанияның Тенерифе қаласында өтетін BRAVE 95 турнирі аясында ұйымдастырылады.
Диас Еренғайыпов BRAVE ұйымындағы дебютін 2023 жылғы желтоқсанда өткізіп, бразилиялық Марчиано Феррейраны (13-4) төрешілер шешімімен жеңген болатын.
32 жастағы Хосе Торрес — BRAVE ұйымының наилегчай салмақтағы рейтингінде екінші орында. 2023 жылы ол жеңіл салмақта BRAVE чемпионы атанған.