logo

Диас Досқараев Рыбакинаның Уимблдондағы мүмкіндіктері туралы: Елена әр матч сайын бабына еніп келеді, ал шөп – оның сүйікті төсеніші

Диас Досқараев Рыбакинаның Уимблдондағы мүмкіндіктері туралы: Елена әр матч сайын бабына еніп келеді, ал шөп – оның сүйікті төсеніші

Қазақстан Теннис федерациясының вице-президенті Диас Досқараев Sport+ телеарнасына берген сұхбатында Елена Рыбакинаның Уимблдон турниріндегі мүмкіндіктеріне баға берді.

«Ленаның Уимблдондағы мүмкіндіктері жақсы. Ол бабына еніп келеді. Әзірге шарықтау шегінде деп айтуға келмейді, бірақ формасын біртіндеп қалпына келтіріп жатыр — әрі физикалық, әрі психологиялық тұрғыдан. Өткен жылы ол үзіліс алып, турнирлерге қатыспады, Штутгарттағы 500 рейтингтік ұпайын қорғай алмады, нәтижесінде рейтингте төмен түсіп кетті. Бірақ ол бұл таңдауды ұлттық құрама үшін жасады — Австралияға ұшып барып, ел намысын қорғады. Қазір бабына еніп келеді, ал Уимблдонда бәрі болуы мүмкін. Әрине, турнирлік тор оның жолын ширек финалда-ақ мықты қарсыластармен түйістіруі мүмкін, олардың да қазіргі сәтте бабында екенін ескеру керек. Бірақ табиғи төсеніш — бұл оның сүйікті жабыны. Ол өзінің мықты жақтарын — керемет соққы, жылдам ойын, виннер соққыларын — толық көрсете алады. Ол әр матч сайын бабына еніп келеді, бұл — оның ерекше қасиеттерінің бірі», — деді Досқараев.

Айта кетейік, Рыбакина алғашқы кездесуінде армениялық Элина Аванесянды екі сетте — 6:2, 6:1 есебімен жеңіп, келесі кезеңге өтті.

Диас Досқараевтың толық сұхбатын төменнен көре аласыз.



Күн шежіресі