logo

Александр Шевченконың жеңілу себебі аталды

Александр Шевченконың жеңілу себебі аталды

Қазақстан теннис федерациясының вице-президенті Диас Досқараев 2025 жылғы маусымда Александр Шевченконың көрсеткіштерінің төмендеуі немен байланысты екенін түсіндірді.

«Александрдың белгілі бір қиындықтары бар, олар денсаулығына байланысты. Кәсіби спортта жарақаттар мен микрожарақаттар үнемі болады, әсіресе созылмалы жарақаттар қайталанып тұрады. Шевченко US Open турнирінде Тиафоға қарсы матчта жарақат алған болатын. Ол жарақатын емдеп шыққандай көрінген, белгілі бір процедуралар жасалды, тіпті укол салуға да тура келді. Бірақ тізесі әлі де мазалайды. Шевченко үзіліс алды, біз еуропалық мамандарға жүгіндік. Әзірге ота жасатпай-ақ қоюға болады, бірақ қиындықтар бар. Ол — нағыз күрескер, бар күшін салып жаттығып жүр. Қазір бұл кезеңді сабырмен еңсеру қажет. Нағыз кәсіби спортшылардың ерекшелігі — олар күресе алады. Біз өз тарапымыздан оған қолдау көрсетіп, тезірек сауығып, бабына келуін тілейміз», — деді Досқараев.

Еске сала кетейік, Александр Шевченко Уимблдон турнирінің бірінші айналымында америкалық Рейлли Опелкаға үш сетте жеңіліп, жарыстан шығып қалды.

Толық сұхбатты төменнен көре аласыз.



Күн шежіресі