Денис Евсеев Португалиядағы турнирдің ширек финалына шықты

Денис Евсеев Португалиядағы турнирдің ширек финалына шықты

Қазақстандық теннисші Денис Евсеев жапондық Каити Утидамен бірге Португалияда өтіп жатқан Challenger турнирінің жұптық разрядында ширек финалға жолдама алды, деп хабарлайды Sport+.

Турнирдің алғашқы айналымында Евсеев пен Утида дуэті швед Филип Бергеви мен дат Йоханнес Ингильдсеннің жұбын 2:6, 6:3, 11:9 есебімен жеңді.

Ширек финалда жапон-қазақстандық жұп сербиялық Иван мен Матей Шабановтарға қарсы ойнайды.



Күн шежіресі