Анна Данилина Аделаидада жұптық турнирдің жартылай финалына шықты

Анна Данилина Аделаидада жұптық турнирдің жартылай финалына шықты

Қазақстандық теннисші Анна Данилина ресейлік әріптесі Ирина Хромачевамен бірге Аделаидада өтіп жатқан WTA турнирінің жартылай финалына жолдама алды, деп хабарлайды Sport+.

Данилина мен Хромачеваның қарсыластары австралиялық Габриэлла Да Силва Фик пен Оливия Гадеки болуы тиіс еді. Алайда, австралиялық жұптың матчқа шықпауына байланысты қазақстандық-ресейлік дуэт автоматты түрде жартылай финалға өтті. Енді олар Беатрис Хаддад Майа (Бразилия) мен Лаура Зигемундқа (Германия) қарсы ойнайды.



Күн шежіресі