Дастан Амангелді OKTAGON дебютінің датасын білді

Дастан Амангелді OKTAGON дебютінің датасын білді

NAIZA лигасының бұрынғы чемпионы Дастан Амангелді 2026 жылдың 31 қаңтарында чехиялық OKTAGON лигасында дебют жасайды, деп хабарлайды Sport+.

Оның қарсыласы — қазақстандық лиганың бұрынғы тағы бір жауынгері, Дастанның командаласы Нұрбек Кабдрахмановпен жұдырықтасып, нокаутпен жеңілген бразилиялық Вандерлей болады.

Қаңтар айындағы турнир Германияның Штутгарт қаласында өтеді.
 
 



Күн шежіресі