Кипиш Кахоров Fight Night белбеуіне бұрынғы үміткермен жұдырықтасады
Алматыда өтетін «Alash Pride» лигасының турнирінде промоушеннің ең танымал файтерлерінің бірі Мұхамадризвон «Кипиш» Кахоров Михаил Гогитидземен жекпе-жек өткізеді, деп хабарлайды Sport+.
Михаил MMA Series және Fight Night лигаларындағы жекпе-жектерімен танымал. Ол Fight Night чемпионы Нариман Аббасовпен екі рет кездескен, бірақ екі жекпе-жекте де жеңілген.
Турнир 18 желтоқсанда өтеді. Бүкіл ивентті тікелей эфирде Sport+ телеарнасы көрсетеді.