Бахтиер Зайнутдинов Еуропа Лигасы матчында нәтижелі пас берді

Ыстамбұлдық «Бешікташ» Еуропа Лигасының топтық кезеңінің алтыншы турында сырт алаңда норвегиялық «Буде-Глимт» командасынан 1:2 есебімен жеңілді, деп хабарлайды Sport+.
Түрік клубының қазақстандық жартылай қорғаушысы Бахтиер Зайнутдинов осы маусымда алғаш рет негізгі құрамда алаңға шығып, толық матчты сол қапталдағы қорғаушы позициясында өткізді. Бірінші таймның ортасында қазақстандық футболшы Жедсон Фернандешке нәтижелі пас беріп, голға үлес қосты.
Турнир қорытындысы бойынша «Бешікташ» Конференция Лигасының жалпы кезеңінде 28-орында тұр.