«Барыс» төрт ойыншысы «Металлургке» қарсы матчтқа қатыса алмайды
«Барыс» жаңа маусымдағы алғашқы түздегі сериясын Магнитогорскіде бастайды, деп хабарлайды Sport+ елордалық хоккей клубының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Металлург» чемпионаттың басында өткізген бес матчтың әрқайсысында ұпай жинады. Өткен турда Андрей Разиннің шәкірттері түзде «Северстальді» 5:2 есебімен жеңді. Бұл ойында Дерек Барак дубль авторы атанса, Михаил Фёдоров, Андрей Козлов және Руслан Исхаков бір-бірден шайба соқты. Илья Набоков қақпаға бағытталған 18 соққыны қайтарды. Магнитогорскілердің бас бапкері алғашқы 10 минут алаң иелерінің пайдасына өрбігенін, алайда кейіннен командасының ойынды өз қолына алғанын атап өтті.
«Металлургтың» еншісінде бес ойында сегіз ұпай бар. Команданың үздік бомбардирі Дмитрий Силантьевтің қоржынында 7 (3+4) ұпай.
«Астаналықтар» өз алаңындағы «Динамоны» (Мәскеу) 5:2 есебімен жеңген соң түзге аттанды. Бұл ойында Майкл Веккьоне төрт шабуылға қатысып (2+2), күннің үздік ойыншысы атанды. Сондай-ақ Ансар Шайхмедденов, Вячеслав Колесников (КХЛ-дегі алғашқы шайбасы) және Алихан Өмірбеков (маусымдағы алғашқы шайбасы) мергендігімен көзге түсті. КХЛ-дегі дебютін Владимир Волков өткізді. Андрей Шутов 33 сейв жасап, бір нәтижелі пас берді. Бас бапкер Михаил Кравец команда жұмысына көңілі толып, көпшілікте соғылған маңызды голдарды ерекше атады.
Төрт кездесуде қазақстандық клуб алты ұпай жинады. Майкл Веккьоне (3+4) чемпионат басында Лиганың ең нәтижелі ойыншыларының бірі саналады. Қазіргі уақытта «Барыстың» лазаретінде Никита Бояркин, Роман Старченко, Тамирлан Гайтамиров және Тайс Томпсон бар.
«Металлург» — «Барыс» матчы Астана уақытымен 19:00–де басталады.