logo

Кравец: Ең бастысы – эмоцияларды қалпына келтіріп, келесі ойынға дайындалу

Кравец: Ең бастысы – эмоцияларды қалпына келтіріп, келесі ойынға дайындалу

«Барыс» бас бапкері Михаил Кравец минскілік «Динамодан» жеңілгеннен кейін қателіктерді талдау жайлы пікір білдірді:

– Ойын өте ауыр өтті, көп эмоция жоғалттық. Келесі кездесуге бір күн қалғанда көпшілікті жаттықтыру дұрыс емес деп ойлаймын. Бұл керісінше жағдайды нашарлатуы мүмкін, жігіттер сәл шаршады, оларға қалпына келу қажет. Үлкен өзгерістер енгізе алмаймыз, өйткені бізде ойыншылар саны көп емес. Ертең жігіттермен бірге голдық сәттерді талдаймыз. Көп нәрсе дұрыс орындалды. Біз не сұрасақ, мұз айдынында олар соны істеді. Сондықтан менің ойымша, ең бастысы - эмоцияларды қалпына келтіру, демалу және келесі ойынға дайындалу.



Күн шежіресі