«Барыс» өз алаңындағы серияны жеңіліспен бастады

«Барыс» хоккей клубы өз алаңындағы серияны Нижний Новгород қаласының «Торпедо» командасына қарсы матчпен бастады, деп хабарлайды Sport+.
Ойын 5:3 есебімен ресейлік команданың пайдасына аяқталды. Астаналықтар сапынан Кирилл Панюков, Райли Уолш және Семен Симонов шайба соқты.
«Барыс» келесі кездесуін 14 қазан күні «Сібірге» қарсы өткізеді.