Бағдос Олжабай: Маған жеңіліссіз қарсыластарды жеңген ұнайды

Бағдос Олжабай: Маған жеңіліссіз қарсыластарды жеңген ұнайды

АСА лигасының қазақстандық жауынгері Бағдос Олжабай Sport+ сайтына берген сұхбатында кезекті жекпе-жегіне дайындығы, жеңіліс көрмеген қарсыласы Шамиль Басаев және ресейлік ұйыммен келісімшартын жалғастыру жоспары туралы айтты.

— Кезекті жекпе-жегіңізге дайындық қалай өтіп жатыр?

— Дайындық жақсы өтіп жатыр. Қазір тек салмақ қуу процесі жүріп жатыр. Аллаға шүкір, бәрі ойдағыдай.

— Қарсыласыңыз әлі жеңіліп көрмеген. Бұл жағдай сізге қосымша қысым түсірмей ме?

— Мен бұған дейін де мықты қарсыластармен кездестім. Олардың рекордтары 18-1, 9-0, 4-0 болды. Яғни жеңіліссіз жүрген жауынгерлер де кездесті. Сондықтан бұл жағдай мен үшін ешқандай мәселе емес, қысым тудырмайды. Менде жеткілікті тәжірибе бар.

Жалпы, маған жеңіліп көрмеген қарсыластармен жұдырықтасқан ұнайды. Олардың алғашқы жеңілісін тіркеген қызық.

— Бұл жолы ACA турнирі Алматыда өтеді. Қазақстанда жекпе-жек өткізу сізге қосымша жігер бере ме?

— Халқымның алдында өнер көрсеткенде аздап қобалжу болуы мүмкін. Бірақ мұндай эмоцияларға көп мән бермеуге тырысамын. Жекпе-жектің өз елімізде өткені — үлкен артықшылық. Жолға кететін уақыт, акклиматизация сияқты мәселелер болмайды. Сол жағынан алып қарағанда, өз үйіңде жұдырықтасқан әлдеқайда ыңғайлы.

— ACA лигасымен жасалған келісімшартыңыз неше жекпе-жекке есептелген? Осы ұйымда ұзақ уақыт өнер көрсетуді жоспарлап отырсыз ба?

— Бұл ұйыммен жасалған келісімшартым 6 жекпе-жекке және 18 айға жоспарланған. Бірақ 18 ай мерзімі өтіп кетті, ал менің әлі екі жекпе-жегім бар. Сондықтан қазір келісімшартты ұзарту туралы ойланып отырмын.

Бағдос Олжабай мен Шамиль Басаев арасындағы жекпе-жек 17 шілдеде Алматы қаласында өтетін ACA турнирі аясында ұйымдастырылады. Турнирдің тікелей трансляциясын Sport+ телеарнасы көрсетеді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ACA MMA (@aca_mma)



Күн шежіресі