Саламат Исбулаев PFL ұйымымен жаңа келісімшартқа қол қойды

Саламат Исбулаев PFL ұйымымен жаңа келісімшартқа қол қойды

BATYR TEAM командасының өкілі әрі ҚР ТЖМ «Резерв» РМК қызметкері Саламат Исбулаев PFL ұйымымен алты жекпе-жекке арналған жаңа келісімшартқа қол қойды. Бұл туралы спортшының командасы жариялады, деп хабарлайды Sport+. 

Жарқын дебюті мен дивизиондағы ең мықты қарсыластардың біріне қарсы өткізген тартысты жекпе-жегінен кейін PFL басшылығы қазақстандық файтердің әлеуетін жоғары бағалап, оған жақсартылған шарттармен ұзақ мерзімді келісімшарт ұсынды.

Бұл келісім Саламат Исбулаевтың спорттық мансабындағы маңызды белес қана емес, сонымен қатар оның әлемдік ММА аренасындағы Қазақстанның ең болашағы зор спортшыларының бірі екенін тағы бір мәрте дәлелдейді.



Күн шежіресі