Азиада-2026: Қазақстан әйелдер құрамасы қазіргі бессайыстан жүлдеге бір қадам жетпей қалды

Азиада-2026: Қазақстан әйелдер құрамасы қазіргі бессайыстан жүлдеге бір қадам жетпей қалды

Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан ХХ жазғы Азидада қазіргі бессайыстан әйелдер арасында финалдық сайыс аяқталды, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Финалда ұлттық құрама сапында үздік нәтижені Юлиана Петрова көрсетті. Ол барлық сайыстың қорытындысы бойынша 1349 ұпай еншілеп, 14-орынға жайғасты. Аяна Қазбекова 1329 ұпаймен 17-орын, Диана Щедрова 1241 ұпаймен 18-орынға табан тіреді.

Жарыста Сон Сынмин (Оңтүстік Корея) топ жарды — 1492 ұпай. Екінші орын қытайлық Чжан Минъюйға бұйырды — 1460 ұпай. Ал тағы бір Қытай спортшысы У Сяояо 1447 ұпаймен үздік үштікті түйіндеді.

Командалық жарыста Қазақстан жүлдеге бір қадам жетпей қалды. Қытай бірінші орын алса, Оңтүстік Корея екінші, Жапония үшінші сатыға жайғасты. Ал Қазақстан төртінші орынға табан тіреді. 



Күн шежіресі