logo

Ауыр атлетикадан әлем чемпионаты: қазақстандық спортшылар жарысты аяқтады

Ауыр атлетикадан әлем чемпионаты: қазақстандық спортшылар жарысты аяқтады

Қазақстан құрамасы ауыр атлетикадан Норвегияның Ферде қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатындағы өнерін аяқтады.

Айта кетейік, бұл додада еліміздің намысын төрт спортшы қорғады. Төменде олардың нәтижелері көрсетілген:

79 келіге дейінгі салмақ дәрежесі

- Едіге Емберді - 6-орын

- Петр Хребтов - 13-орын

88 келіге дейінгі салмақ дәрежесі

- Әлібек Рахымберді - 11-орын

110 келіге дейінгі салмақ дәрежесі

- Сұлтан Мейрам - С тобында 1-орын (қорытынды нәтиже А және В топтарындағы спортшылардың өнерінен кейін белгілі болады).