logo

«Атырау» легионердің клубтан кеткенін хабарлады

«Атырау» легионердің клубтан кеткенін хабарлады

«Атырау» клубы 29 жастағы ресейлік жартылай қорғаушы Сослан Такуловтың командадан кеткенін ресми түрде жариялады, деп хабарлайды Sport+.

Такулов «мұнайшылар» сапында үш маусым бойы өнер көрсетті. Бұған дейін ол әртүрлі елдердің клубтарында ойнаған, соның ішінде «Динамо» Ставрополь, «Сатурн»,  «Рустави» (Грузия), «Слуцк» (Беларусь), сондай-ақ «Шахтер» мен «Ақжайық» бар.

«Атырау» сапында ойнаған уақытында футболшы 82 матч өткізіп, 1 гол соғып, 12 нәтижелі пас берді.



Күн шежіресі