logo

Асылжан Есенгелді әлем чемпионатының қола жүлдесі үшін күреседі

Асылжан Есенгелді әлем чемпионатының қола жүлдесі үшін күреседі

Асылжан Есенгелді (-61 кг) Хорватия астанасы Загребте өтіп жатқан күрес түрлерінен әлем чемпионатының қола жүлдесіне таласады.

Еркін күрес шебері бағана жұбаныш кезеңінде армениялық қарсыласы Манвел Хндзрцянның жауырынын жерге тигізді. Енді Астана уақытымен түнде Есенгелді америкалық Джаксен Патрик Форрестпен қола медаль иегерін анықтайды.

Айта кетейік, Асылжан - 61 кг дейінгі салмақта 23 жасқа дейінгі палуандар арасындағы әлем чемпионатының күміс жүлдегері.



Күн шежіресі