logo

Алмұхамедов, Әбдіқасымов, Сақаев пен Куруглиев ӘЧ жүлделері үшін белдеседі. Загребтен тікелей эфирді қайда және қашан көруге болады?

Алмұхамедов, Әбдіқасымов, Сақаев пен Куруглиев ӘЧ жүлделері үшін белдеседі. Загребтен тікелей эфирді қайда және қашан көруге болады?

Хорватия астанасы Загребте күрестен әлем чемпионатының екінші күні өтеді. Бүгін боз кілемге еркін күрестен 57, 74, 79 және 92 келі салмақ дәрежесіндегі балуандар шығады.

Қазақстан намысын бұл салмақтарда Әділет Алмұхамедов, Әлібек Әбдіқасымов, Болат Сақаев және Камил Куруглиев қорғайды.

Қазақ балуандарының алғашқы белдесулерінің кестесі:

57 кг: Әділет Алмұхамедов – Арыйан Тютрин (Беларусь)
74 кг: Әлібең Әбдіқасымов – Мурад Курамагомедов (Венгрия)
79 кг: Болат Сақаев – Ибрагим Метехан Япрак (Түркия)
92 кг: Камил Куруглиев – Хуа Цзе (Қытай)

Алдын ала белдесулер сағат 13:30-да басталады. Чемпионаттың екінші күнгі тікелей эфирін Sport+ телеарнасынан, сондай-ақ sportplustv.kz сайтынан көруге болады.

Жартылай финалдық белдесулер 19:30-да өтеді.



Күн шежіресі